Сахнаға "мас боп шыққан" ақын айтыстан шеттетілді

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр

Шайыр ауылында өткен айтыста болған жағдайға байланысты ақын Мақсат Аханов алдағы алты айда Айтыс одағы ұйымдастыратын ресми айтыстарға қатыстырылмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұған дейін ақын Нұргүл Хасанова әлеуметтік желідегі жазбасында Шайыр ауылының 100 жылдығына арналған шарада болған жағдайға наразылығын білдірген.

– Мынау не масқара, не көргенсіздік! "Күні кеше Шайыр ауылының 100 жылдығында болған жағдай" дейді. "Вацап" арқылы келіп жатыр. "Аяғы лас төрді былғайды, аузы лас елді былғайды" деген, аузына келгенін көкіп отырған мынаны желкелеп сахнадан қуып шығатын бір намысты адам болмағаны ма сол жерде?! Жүз жерден "жұлдыз", мың жерден "дүлдүл" болса да!, – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының көпшілігі айтыскердің сахнаға мас күйінде шыққанын жазып жатыр.

Айтыс одағы не дейді?

Бұған қатысты Айтыс одағының төрағасы Аманжол Әлтаев түсінік берді.

Аманжол Әлтайдың айтуынша, Шайыр ауылындағы айтыс Айтыс одағының ресми жоспарына кірмеген. Оны жергілікті азаматтар мен жеке демеушілер ұйымдастырған.

Соған қарамастан, болған жағдай ескеріліп, Мақсат Ахановты алдағы жарты жылда ресми айтыстарға қатыстырмау туралы шешім қабылданған.