Семсерлесуші Артем Саркисян Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық семсерлесуші Артем Саркисян Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Отандасымыз ерлер арасында қылыштасудан жекелей жарыста жүлдеге ие болды.

Ширек финалда Саркисян Оңтүстік Корея өкілі До Гёндонды 15:14 есебімен жеңді. Ол командалық жарыста Олимпиада чемпионы.

Жартылай финалда Артем тағы бір оңтүстіккореялық семсерлесуші О Сан Укпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қарсыласына 9:15 есебімен есе жіберіп, жекелей жарысты қола медальмен аяқтады.

О Сан Ук – үш дүркін Олимпиада чемпионы. 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында ол жекелей және командалық жарыста жеңіске жетсе, 2020 жылы Токиодағы Олимпиадада командалық бәсекеде топ жарған.