Алматы облысында жануарларды қорғау ұйымының негізін қалаушыны өлтіріп кетті

Ulysmedia коллажы

Алматы облысында «Твардовский дом» негізін қалаушы Владимир Тепляковтың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс 7 қазанда тіркелген.

Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргізіп жатыр

– Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда, – деп хабарлады ведомство.

Полицияның мәліметінше, тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, істің өзге мәліметтері жария етілмейді.

Контекст

Еске салайық, бұған дейін Теміртауда ер адам мен әйелдің мәйіті табылған еді. Оларды өлтірді деген күдікпен қаза тапқандардың 20 жастағы ұлы ұсталды.