Ресейде телефон арқылы ажамдардың ақшасын жымқырумен айналысатын алаяқтар нөмірлерін шетелдік, соның ішінде қазақстандық нөмірлерге ауыстыра бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап.
Күдікті телефон қоңыраулары ресейліктерге 2022 жылдың күзінен бері соғыла бастаған.
Мұндай қоңыраулардың ең көбі 2022 жылдың соңында Қазақстан, Түркия және Иран нөмірлерінен келіп түскен.
Нөмірді ауыстыру – көптеген байланыс операторлары, соның ішінде шетелдік операторлар көрсететін қызмет. Заңды түрде ол ең алдымен қызметкерлердің тікелей байланысын жасыратын компаниялар тарапынан сұранысқа ие.