Рим папасы өкпесіне ота жасатады

Gregorio Borgia/Copyright 2022 The AP. All rights reserved

Рим папасы XIV Лев өкпесінен түйін анықталғанын және жақын күндері хирургиялық ота жасалатынын айтты. 71 жастағы понтифик бұл туралы Ватикандағы Әулие Петр алаңында өткен жексенбілік дұға кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz NBC News-ке сілтеме жасап.

Мән-жай

Католик шіркеуінің басшысы мұның жақында жүргізілген медициналық тексеру кезінде анықталғанын айтты. Дәрігерлер өкпедегі түйіннің ерте сатыда табылғанын және нақты бір жерде орналасқанын анықтаған.

– Жақында медициналық тексерулер кезінде дәрігерлер өкпемнен нақты бір жерде орналасқан түйін анықтады. Ол өте ерте сатыда табылды және нақты орны белгілі, – деді XIV Лев.

Дәрігерлермен кеңескеннен кейін понтифик түйінді хирургиялық жолмен алып тастау туралы шешім қабылдаған. Операцияны алдағы аптаның басында жасау жоспарланып отыр.

Ватикан өкілі Маттео Брунидің айтуынша, отадан кейінгі қалпына келу кезеңі шамамен жеті күнге созылуы мүмкін.

Қараша айында XIV Левтің Уругвай, Аргентина және Перуге сапарлауы жоспарланған. Әзірше отаға байланысты сапар бағдарламасына өзгеріс енгізіле ме, жоқ па – белгісіз.