Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда халыққа жыл сайынғы жолдауын жариялағаннан кейін Түркияға аттанады. Онда ол Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөздер жүргізеді және халықаралық саммитке қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Мемлекет басшысының алдағы сапары туралы оның баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
– Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді., – делінген оның хабарламасында.
Сондай-ақ Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
Контекст
Еске салайық, 28 қазанда Қазақстан президенті халыққа жыл сайынғы жолдауын жариялайды. Жолдау сағат 11:00-де басталатын Құрылтай отырысында айтылады.