Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Тоқаев бұрын атқарған қызметке тағайындалды

Primeminster.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әбілғазиннің орнына келді

Кадрлық өзгеріс туралы федерацияның өзі хабарлады. Ұйымның кезектен тыс конференциясында жаңа басшы сайланған.

Бұған дейін республикалық федерацияны кәсіпкер Данияр Әбілғазин басқарған. Ол бұл қызметті 2018 жылдан бері атқарды. Әбілғазинге дейін федерация президенті болған Қасым-Жомарт Тоқаев та осы ұйымды басқарған.

– Жаңа президенттің басшылығымен федерация қолданыстағы бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Елде үстел теннисін жүйелі дамыту, спортшыларды сапалы даярлауға жағдай жасау және Қазақстанның халықаралық спорт қауымдастығындағы орнын нығайту басты басымдықтар болады, – делінген федерация хабарламасында.

Астанада әлем чемпионаты өтеді

Жеңіс Қасымбектің тағайындалуы ірі халықаралық жарыс қарсаңында белгілі болды. 2027 жылы елордада үстел теннисінен ITTF World Table Tennis Championships Finals әлем чемпионаты өтеді.

Қазақстанда үстел теннисінен мұндай деңгейдегі жарыс алғаш рет ұйымдастырылады.

Жеңіс Қасымбек 2022 жылдың желтоқсанынан бері Астана әкімі қызметін атқарып келеді.