Ауғанстан билігі әйелдерге тағы бір тыйым салды

Ulysmedia
Ашық дереккөз

Тәліптер Ауғанстанның ірі шаһарларында әйелдерге бала көтертпейтін дәрі-дәрмекті сатуға тыйым салды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Олардың пайымынша, бұл – батыс мемлекеттерінің елдегі халық санын азайтуға бағытталған қастандық әрекеті. Сарапшылар тиісті шектеу елдің денсаулық сақтау саласындағы ахуалды одан бетер ушықтырып жібере ме деп алаңдайды. Өйткені Ауғанстанда 14 әйелдің біреуі жүктілік кезінде көз жұмады.

2021 жылы билік басына келген тәліптер бұған дейін қыз-келіншектердің университетте оқуына тыйым салған еді. Сондай-ақ олар жанында ер адам болмаса, әйелдердің көшеде жалғыз жүруіне де рұқсат бермей отыр.