«Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты Ulysmedia.kz редакциясына түсінік берді. Қор өкілдері құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Қор тергеуге қажетті құжаттарды ұсынып жатыр
Нұрлан Жақыпов ұсталғаннан кейін Ulysmedia.kz редакциясы ресми түсінік алу үшін «Самұрық-Қазына» қорына сауал жолдады. Жауапта қор өкілдері қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатқанын растады.
– Қазір уәкілетті органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде қажетті өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсына отырып, құқық қорғау органдарына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр, – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі Ulysmedia.kz редакциясына.
Компания бұдан басқа мәлімет берген жоқ.
Контекст
11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отынышиевті ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми хабарлады.
Ведомство басшыларға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдік бар екенін мәлімдеді. Олармен бірге өзге де адамдар ұсталған.
Ulysmedia.kz дереккөздерінің мәліметінше, Жақыпов пен Отынышиев уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Бұған дейін Нұрлан Жақыпов пен Елжас Орыншиевтің ұсталған сәті түсірілген фото мен видео тараған еді.