Борышкердің 15 млн теңгесін жұмсап жіберген жеке сот орындаушыға үкім шықты

Ulysmedia

Астанада бұрынғы жеке сот орындаушы өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін 2 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Елорда сотының  баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы жеке сот орындаушысы борышкерден 15 млн теңге алған. Бұл ақша үшінші адамның пайдасына қарызды өтеуге арналған. Алайда сот орындаушы оны өз қажетіне жұмсап жіберген. Сотта сот орындаушы кінәсін жартылай мойындады.

“Байқоңыр ауданының №2 соты Қылмыстық кодекстің 251-бабы 2-тармағы («Өкілеттігін теріс пайдалану») бойынша бұрынғы сот орындаушыны кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ экс-жеке сот орындаушының қылмысы ауырлығы орташа қылмысқа жататындықтан Амнистия туралы заңға сәйкес, оның жаза мерзімі 1/2-ге қысқарды. Осыған байланысты оған орындау құжаттарымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру түрінде түпкілікті жаза тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сотталушыдан 15 млн теңге материалдық шығын және 500 мың теңге моральдық залал өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.