Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды

Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерсайын Нағаспаев 1980 жылы 28 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Теміртау қаласы әкімінің аппаратында жетекші маман болып бастаған. Әр жылдары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде, Ресейдегі елшілігінде, Көлік және коммуникация министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2007-2009 жылдары «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК басшысының орынбасары, аппарат басшысы болған. Кейін Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі, Қарағанды қаласындағы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2011-2013 жылдары Шахтинск қаласының әкімі, 2013-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болған. 2014-2016 жылдары «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

2021-2022 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеген. Сондай-ақ компанияның жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

Сізге қызық болуы мүмкін