Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Ол жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті.
Жартылай финалда қазақстандық-ирандық жұп Оңтүстік Корея спортшыларына 0:3 есебімен жол берді. Осылайша, Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев 2022 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алған. Ол аралас жұптық сында чемпион атанса, жекелей сында қола жүлдеге ие болған.