20 жылда Шыңжаңдағы ұйғырлар саны 11,62 миллионға жетті – елші

Ulysmedia

2000-2020 жылдар аралығында Шыңжаңдағы ұйғырлардың саны 8,34 миллионнан 11,62 миллионға дейін өскен. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

26 қыркүйекте Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Баспасөз қызметі Қытайдағы Шыңжаңның демографиялық дамуы туралы Ақ кітап жарияланды. Ақ кітап – Қытай екі жылда бір рет жариялайтын ұлттық қорғаныс стратегиясы жөнінде құжат.

Ақ кітапта 2000-2020 жылдары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында халық санының өсуі Қытайдың орташа жылдық өсу қарқынынан жоғары екені жазылған. 2020 жылғы 7-ші ұлттық халық санағының алдын ала мәліметтері бойынша, Шыңжаңның халқы 25,85 миллионға жетіп, 2010 жылмен салыстырғанда 4,04 миллионға өсті. 2010-2020 жылдар аралығында Шыңжаң халқының орташа өсу қарқыны 1,71%-ды құрады.

2000-2020 жылдар аралығында Шыңжаңдағы ұйғырлардың саны 8,34 миллионнан 11,62 миллионға дейін өскен. Оның орташа жылдық өсімі 1,67%-ды құрайды.

Шыңжаңдағы ұйғырлар арасындағы білім алу деңгейі арта түскен. Әрбір 100 мың ұйғырдың 8944-і жоғары білім алған, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 6540 адамға көп.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің баспасөз кеңсесі жариялаған Шыңжаңның демографиялық дамуы туралы Ақ кітапта Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағында "тууды қолдан азайту" және "демографиялық геноцид" жасау туралы айыптаулар мүлдем негізсіз екені жазылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.