-28 градус аяз: синоптиктер елдің қай өңірінде күн суытатынын айтты

Ulysmedia

 Қазгидромет алдағы күндердегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына батыстан суық антициклон жылжиды. Осыған байланысты 25 ақпанда ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мол түсіп, көктайғақ болады.

«Республика бойынша тұман, екпінді жел, жаяу бұрқасын болжанады. 24 ақпанда күндіз республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде 15 градустан 23 градусқа дейін, солтүстік-батыста 28 градусқа дейін аязға дейін, ал солтүстікте және орталықта 25 аязға дейін аяз болады», - делінген хабарламада.