«Қазгидромет» РМК 25 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы облысында күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігі мен орталығында, күндіз екпіні 15-20 құрайды. Өңірдің батысында желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Өңірдің солтүстігін тұман басады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, өңірдің батысы мен оңтүстігінде күндіз жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік жартысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с құрайды.
Абай облысында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с құрайды. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасы түнде 0-3 жылыдан -25 аязға дейін, күндіз 2-7 жылыдан -16 аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының түнде 0-3 жылыдан -25 аязға дейін, күндіз 4-9 жылыдан -16 аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал.
Сондай-ақ синоптиктер мәліметінше, 25 - 27 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда қар аралас жаңбырдың жаууына, сондай-ақ ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар қарқынды еріп, тау беткейлерінен тасқын су ағады, өзен-суларда мұз әлсіреп, су деңгейі көтеріледі. Бұл ретте су арнасынан тасып, тасқын болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, Үлкен және Кіші Алматы тауларында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні жүруі ықтимал.