Жоғарғы сот белсенді Тілеужанды сайлаудан шеттету шешімін заңсыз деп таныды

Ulysmedia

Қазақстанның Жоғарғы соты белсенді Әйгерім Тілеужанның Алматы қаласы №3 округтік сайлау комиссиясына қарсы шағымын қанағаттандырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Заңгер Әлнұр Ілияшевтің айтуынша, енді Әйгерім Тілеужан Мәжіліс депутаттығына кандидат болып тіркелуі тиіс.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының №3 аумақтық сайлау округі Тілеужанды Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде тіркемеген болатын. 18 ақпанда кандидаттарды тіркеу мерзіміне 15 минут қалғанда комиссия мүшелері белсендінің сайлау жарнасының төленгені көрсетілген банк құжатының растығына күмән келтірген.

Тілеужанға қатысты тергеу жүріп жатыр - билік оны қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына жасалған шабуылға қатысты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп күдіктенеді. Белсенді қыз өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарады. Ол 2022 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Еске салайық, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 19 наурызда өтеді. Саяси партиялардың сайлауалды жарыссөздері 16 наурызда өтеді.