Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.