Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтингі жақсарды

Ulysmedia

Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі болжамды «терістен» «тұрақтыға» жақсарта отырып, Қазақстанның тәуелсіз несие рейтингін «BBB-/A-3» деңгейінде растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Үкімет Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ел экономикасының күшті фискалдық және сыртқы теңгерімдері екенін айтты. Сонымен қатар өтімді сыртқы активтердің болуы елдің фискалдық тұрақтылығын айтарлықтай қолдайды.

S&P есебінде елдің фискалдық және сыртқы баланстары берік болып қала беретіні және Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысындағы уақытша үзілістерге байланысты мұнай экспортының төмендеуінің ықтимал әсерін азайту үшін жеткілікті болатынына баса назар аударылады.

Жалпы, S&P Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,1% және 2023-2026 жылдары орта есеппен 4% шамасында өседі деп болжайды.