Батыс Қазақстанда жүк пойызы әйелді қағып кетті

Ulysmedia

Алған жарақаты салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

mgorod.kz-нің мәліметінше, қайғылы жағдай 29 қыркүйек күні Бөрілі ауданында болған. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақстан» станциясынан 1406 шақырымдық жерде жүк пойызы 26 жастағы әйелді қағып кетті. Алған жарақаты салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

«Пойыздардың қозғалысы бұзылған жоқ», - делінген баспасөз хабарламасында.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.