Тауар айналымы – 48,8 млн доллар: Қазақстан гүлдің қандай түрлерін экспорттайды?

Ғалиасқар Думан

Өткен жылы елімізде кесілген гүлдер мен бүршіктердің тауар айналымы 48,8 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Twitter

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 9,7%-ға жоғары (44,4 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан қандай гүлдерді экспорттайды?

Қазақстан гүлдерінің экспорты 2022 жылы 10,1%-ға өсіп, 2,7 млн. АҚШ доллары болған.

Қазақстан гүлдердің келесі түрлерін экспорттайды: раушан – 2,2 млн АҚШ доллары (үлесі 80,6%), гүл шоқтарын қалдыруға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 220,2 мың доллар(8,2%), хризантема – 169,4 мың доллар (6,3%), қалампыр – 111,8 мың доллар (4,2%), лалагүлдер –10,4 мың доллар (0,4%), орхидеялар – 8,6 мың доллар (0,3%), басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – 760 доллар(0,03%), ранункулдар – 331,2 АҚШ доллары (0,01%), гладиоли – 1 110 АҚШ доллары(0,004%).

Елге гүлдердің қандай түрі импортталды?

Қазақстанға гүл импорты 2022 жылы 9,7% - ға өсті (46,1 млн. АҚШ доллары).

Еліміз гүлдердің келесі түрлерін импорттайды; раушан – 30 млн. АҚШ доллары (65,2% үлесімен), хризантема – 6,2 млн. АҚШ доллары (13,5%), гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 5,8 млн. АҚШ доллары (12,6%), басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – 1,4 млн. АҚШ доллары (3,1%), лалагүлдер – 1,2 млн. АҚШ доллары (2,7%), қалампыр –1 млн. АҚШ доллары (2,3%), орхидеялар – 241,3 мың АҚШ доллары (0,5%), ранункулдар – 79,2 мың АҚШ доллары (0,2%), гладиоли – 7,9 мың доллар (0,02%).

Айта кетейік, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында гүлге сұраныс ерекше артатыны белгілі. 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында, яғни аталмыш мейрам қарсаңында Қазақстанға салмағы 1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн дана гүл талы әкелінген, оның құны 9,5 млн АҚШ долларына тең.