"Әділетті баға": Ақшолақов Қазақстанда мұнай құны қанша болуы керегін айтты

Ғалиасқар Думан

АҚШ-қа іссапармен барған ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов энергия тасымалдаушылардың әлемдік бағасына өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ақшолақовтың пікірінше, әлемдегі мұнай бағасының одан әрі өзгеруі көбіне Украинадағы жағдайға байланысты.

“Мұның бәрі жағдайдың қалай дамитынына байланысты. Бірақ әділетті баға әр елдің өзіне байланысты. Қазақстан жағдайында барреліне 65 доллардан асуы тиіc”, - деді министр.

Айта кетейік, министр Хьюстонда CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясына қатысты.