Индонезиядағы ең үлкен жанартау атқылап жатыр

Ulysmedia

Индонезияның Ява аралындағы Мерапи жанартауында қатты атқылау басталды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды

Ашық дереккөз

CNN-нің Индонезиядағы қызметінің хабарлауынша, лава ағындары кратерден 1,5 шақырым қашықтыққа тараған. Жергілікті тұрғындарды жанартауға 7 шақырымнан ары жақындамауға шақырды.

Билік атқылаулардың төрт деңгейлі жіктелуінде үшінші қауіптілік деңгейін жариялады.

Мерапи тауы – Индонезиядағы ең белсенді таулардың бірі. Оның биіктігі – 2910 м.