БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Қазақстанға келеді

Ulysmedia

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк 13-17 наурыз күндері Өзбекстан мен Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасының ресми сайтында Жоғарғы комиссар 13-15 наурыз аралығында Өзбекстанға, ал 16-17 наурыз аралығында Қазақстанға сапарлайтыны айтылған. Ол жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлермен, елдің омбудсмендерімен, БҰҰ қызметкерлерімен және азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерімен кездеседі.

Тюрк Өзбекстанға сапары барысында Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласына да барып, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған шарада сөз сөйлейді.

Дәл осындай шара Астанада да өтеді.