Абай облысында қоластындағы полицейлердің жемқорлығы үшін 7 басшы жазаланды

Ғалиасқар Думан

Абай облысында құқық қорғау органдарында бағынысты қызметкерінің сыбайлас жемқорлығы үшін 7 басшы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы Антикор мәлім етті.

«Мәселен, Семей қалалық Полиция басқармасы тәртіп сақшысының пара алу фактісі анықталды. Енгізілген ұсынымның қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлға мен оның басшылығы теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Жалпы бір жылда өңір бойынша құқық қорғау органдарында бағынысты қызметкерінің сыбайлас жемқорлығы үшін 7 басшы жауапқа тартылған», - деп хабарлады ведомстводан.

Жергілікті полиция департаментінің ұжымымен кездескен Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Данияр Ақуан қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін және ұжымда жемқорлықтың алдын алу шараларын қолданбағаны үшін басшылардың арнайы жауапкершілігін еске салып, тек заң шеңберінде жұмыс істеу қажеттігін айтты.