Алматыда "Қайрат-Каспий" матчынан кейін жанкүйерлер жаппай төбелесті (ВИДЕО)

Айнель Аянова

Алматыда "Қайрат"пен "Каспий" командалары арасындағы футбол премьер-лигасының үшінші турының матчы жаппай төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан скриншот

Футбол клубтарының жанкүйерлері соңғы ысқырықтан кейін трибуналарда бір-біріне жұдырық сілией жөнелген.

Желіде тараған видеодан жанкүйерлерді полиция қызметкерлері ұстамақ болып жатқанын көруге болады.

“Алматы қалалық ПД Орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарған полицейлер, адам көп жиналатын орындарда пайдалануға тыйым салынған файерлерді жағу деректерінің жолын кескендігін хабарлайды”, – делінген полиция хабарламасында.

Қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзудың алдын алу мақсатында полицейлер жанкүйерлермен құқықтық түсіндірме әңгіме жүргізген.