ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі елімізде жасыл желектерді күтіп, қорғаудың үлгілік қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Енді әр өңірде осы үлгілік ереженің негізінде жергілікті атқарушы органдар өздерінің жеке талаптарын әзірлейтін болады.
Министрлік сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жасыл алқаптарды кесуге рұқсат бермейтінін атап өтті.
Мүдделі азаматтар немесе заңды тұлғалар ағаштарды кесуге рұқсат алуы үшін кескен ағаш орнына 10 есе көп көшет отырғызуы шарт. Ал отырғызу және одан әрі күтіп-баптау жұмыстарын мамандары бар абаттандыру ұйымдары жүргізеді.
Сонымен қатар ағаш отырғызу кезінде бір жастағы көшеттерді пайдалануға жол берілмейді.
Ережеге сәйкес ағаштарды кесуге келесі жағдайларда ғана рұқсат етіледі: