Қарасайда жәшікке бірнеше бюллетен салған сайлау комиссиясының хатшысы міндетінен шеттетілді

Аян Өрібай

Жәшікке бірнеше бюллетенді тоғытқан видеоны Facebook әлеуметтік желісінде Дина Елгезек пен Ержан Шайжан жариялаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

Жоғарыда аталған адамдар жариялаған жазбаларға байланысты Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы келесіні хабарлайды.

««Id Senim R» медициналық орталығының ғимаратында орналасқан Қарасай ауданының №455 сайлау учаскесінде сайлау бюллетеньдерін салғаны үшін учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы  және комиссия мүшесі өз міндеттерінен шеттетілді»