Алматылық студент сабақты бұзу үшін “Колледжде бомба бар” деп хабарлады

Ulysmedia

Алматыда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кәмелетке толмаған колледж студенті ұсталды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Жігітті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол білім беру мекемесіндегі жарылғыш құрылғылар туралы бірнеше рет көрінеу жалған хабарлама жасады деген күдікке ілінді.

Ішкі істер министрлігі жас жігіттің электрондық пошта мекенжайын ауыстыру бағдарламасы арқылы 4 рет дабыл хабарламасын жібергенін мәлімдеді.

«Ұсталғаннан кейін және алынған айғақтарды ұсынғаннан кейін ол бұл қылмыстарды оқу процесін бұзу мақсатында жасағанын мойындап, түсіндірді», - деп толықтырды ІІМ.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша тіркелді. Студент 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.