Сайлаудан кейін пикетке шығуды көздеген журналист қамауға алынды

Ulysmedia

Алматыда журналист Думан Мұхаметкәрім 25 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Заңгер Ғалым Нұрпейісов журналистің парламент сайлауының қорытындысымен келіспейтінін білдіріп, пикетке шығуды көздегенін айтты.

«Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттығына кандидат Думан Мұхаметкәрім өз наразылығын ашық білдіріп, пикетке шығуды көздеген. Ол дауыс беру нәтижелерімен келіспейтіндігі туралы пікірін білдіргені үшін 25 тәулікке қамауға алынды», - деп жазды адвокат. .

20 наурызда Думан Мұхаметкәрім Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырды.

Қаңтардың 30-ы күні YouTube-тегі «Не дейді» арнасының авторы, қаңтар оқиғасын белсенді жариялаған журналист Думан Мұхаметкәрім Мәжілістегі сайлау додасынан шеттетілді.

19 наурызда Қазақстан Республикасында Мәжіліс пен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтті. Ресми мәлімет бойынша, сайлаушылардың 54,19% қатысуы тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең төменгі көрсеткіш болды.

Бұған дейін Ulysmedia.kz тәуелсіз кандидаттар неліктен цифрлық қайта сайлау өткізуді талап ететінін айтқан болатын.