Қазақстанда наурыз көже пісіруден рекорд жаңарды

Ulysmedia

Астанада Наурыз мейрамына орай әзірленген ұлттық тағам рекорд орнатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Қазақстан рекорды орнатылғанын куәландыратын сертификат Астана әкімдігіне және Байқоңыр ауданының әкімдігіне берілді.

Барлығы 2 100 литр наурыз көже дайындалды.

Рекорд 2023 жылғы 22 наурызында тіркелді.

Ұлттық қазынаға айналған дәмді дайындау үшін аспазшылар тура бір күнін арнады. Оған жүздеген килограмм бидай, күріш және ет жұмсалды. Ататүрік саябағында өтіп бара жатқан адамдарға дайын өнім ұсынылды.

«Екі тоннадан астам наурыз көже — абсолютті рекорд. Бұрын бұл көрсеткіш түркістандықтарға тиесілі болатын. Екі жыл бұрын олар 2 мың литр наурыз көже пісірген. Бүгін бұл рекорд ресми түрде жаңартылды», — деді Гиннестің аймақтық қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.