Беларусь аумағында тактикалық ядролық қару сақтайтын қойма салынады

Ulysmedia

Ресей президенті Владимир Путин Беларусьте тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысы 1 шілдеге дейін аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

"3 сәуірден бастап экипаждарды оқытуды бастаймыз. Ал 1 шілдеде аумақта тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысын аяқтаймыз", - деді Путин журналист Павел Зарубинге "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Онда стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шаралар туралы шарт (START, START-III) бойынша міндеттемелерді бұзбай, тактикалық ядролық қару орналастырылатыны атап өтілді.

Путиннің айтуынша, мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған. Бұл ретте Ресей басшысы Беларусь Ресейдің ядролық қаруын өз аумағында орналастыруды бұрыннан сұрағанын атап өтті. Ол Мәскеу Америка Құрама Штаттарының ондаған жылдар бойы істеп келе жатқанына жауа бергенін жеткізді.