Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасын ұтып, Майамидегі турнирдің финалына шықты

Ulysmedia

Екі сағатқа созылған матчта қазақстандық теннисші әлемнің үшінші ракеткасы америкалық Жессика Пегулуды жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Осыған дейін Е.Рыбакина Д.Пегуладан екі рет жеңілсе, соның есесін бүгін қайтарды.

Тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.