Қырғызстан президенті Садыр Жапаров баспанаға мұқтаж азаматтарға көмектесу үшін екі қабатты үйін мемлекеттік ипотекалық компанияның балансына берді. Бұл туралы ulysmedia.kz Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл үй кейін аукционға қойылатыны және оны сатудан түскен ақша ипотекалық несиелендірудің жеңілдетілген бағдарламасы бойынша он отбасына пәтер сатып алуға жұмсалатыны айтылды.
Жапаровтың айтуынша, бұл үй 2005 жылы сатып алынған. 2010 жылдары отбасымен басқа жерге қоныс аударған. Сол уақыттан бері бұл үй балабақша қызметін атқарып келді.
Қырғызстан президенті ауқатты қырғызстандықтарды өзінен үлгі алып, тұрғын үйге шынымен мұқтаж жандарға көмектесуге шақырды.