Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның сөзінше, ақтөбелік жұп мүгедек арбасына таңылған адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеу арқылы күніне 5-6 мың теңге пайда тапқан.
«Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп қайыр сұрауға мәжбүрлеу фактісін анықтады. Ақпан айында ерлі-зайыптылар 46 жастағы мүгедек арбаға таңылған ер адамды Шымкенттен Ақтөбеге әкеліп, қорқытып және зорлық-зомбылық жасау арқылы қайыр сұрауға мәжбүрлегені белгілі болды», - деді ІІМ өкілі.
Күдіктілер мүгедекті күн сайын таңертеңнен кешке дейін базарлардың маңында, ал жұма күндері мешіттердің жанында ұстаған.
Полиция осы факті бойынша Қылмыстық кодестің 128-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.