Қазақстанға 11 жаңа ұшақ жеткізіледі

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Әуе рейстері санын көбейту үшін компаниялармен бірлесіп ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. Былтыр 14 сатып алынса, биыл 11 ұшақ жеткізіледі. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін парке тағы да 42 ұшақ қосылады. Осы орайда ұшақтардың саны 132-ге жетеді», - деді А. Ыдырысов.

Вице-министр әуе көлігінің саны көбейгенде тұрақты рейстер саны артып, билет арзандайды деген үмітте.

Айта кетейік, Қазақстанда әуе тасымалының ережелері өзгерді.