Алматыда тегін дөнер таратудың соңы төбелеске айналды

Ulysmedia

Желіде Алматыдағы жаңа фаст-фуд мейрамханасының ашылуынан түсірілген кадрлар тарап жатыр. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Жазба авторы кәсіпкерлік нысанның ашылуына орай халыққа дөнерлерді тегін таратқанын айтады.

Содан соң дәмхананың кіреберісіне бірнеше ондаған адам жиналып, таластың соңы төбелеске айналған. Кейбіреулер бұл жерге балаларымен келген.

"Оңтүстік Кореядағы оқиғалар бізге ештеңе үйретпеген сияқты. Осындай акцияларды ұйымдастырғаны үшін кәсіпкерлік мекемелеріне қашан айыппұл сала бастайды? Біз біреудің өлімге ұшырауын күтеміз бе?", - делінген видеоның сипаттамасында.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.