Қазақстан ресейліктерді жұмысқа тартудан көш бастады

Ғалиасқар Думан

Ресейліктер 2023 жылдың алғашқы үш айында 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмысқа тұру алды әңгімелесуге 53%-ға көбірек шақырту алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РБК агенттігіне сілтеме жасап.

фото: ашық дереккөзден

Көбінесе оларды жақын шетелге — Қазақстан, Беларусь, Грузия, Өзбекстан мен Қырғызстанға жұмыс істеуге шақырған.

Сондай-ақ, РФ азаматтарына АҚШ, Түркия, Германия мен БАӘ-ден де ұсыныстар көп түскен.

Айта кетейік, бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасы Қазақстанға жұмыс істеуге баратын ресейліктердің саны екі есеге өскенін көрсеткен.

Мәселен, егер 2021 жылы Қазақстанға жұмысқа орналасу мақсатында Ресейдің 31 600 азаматы келсе, былтыр 63 000 ресейлік келген.

Сондай-ақ, ресейліктердің Қазақстан банктеріне салымдары күрт өскенін хабарлағанбыз.