Бұдан былай саңыраулақ пен жидек тергендер салық төлейді

Ғалиасқар Думан

2024 жылдан бастап Қазақстанда саңырауқұлақ пен жидек тергендерге салық салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.

Ведомствоның түсіндіруінше, салық тек мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы өсімдіктерді, жидектерді, жаңғақтар мен саңырауқұлақтарды тергендерге салынады.

"Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан өндірілетін фармацевтикалық өнім және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдік түрлерін пайдаланса төлем салынады", - делінген хабарламада.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары өсiмдiктердiң түрлерiн және жабайы өсiмдiктер түрлерi коллекциясының келісі үшiн төлемақы мөлшерлемелерiн белгiлемек.