Қазақстандық студент атышулы "Вагнер" жасағымен келісімшартқа отырды

Ғалиасқар Думан

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қазақстандық студентті ұрлап әкетіп, Украинадағы соғысқа күштеп жібергені туралы ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РИА Новости

Ақпаратқа Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді.

"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, аталған азамат "Вагнер" жеке әскери компаниясымен өз еркімен келісімшартқа отырған. Мәскеудегі ҚР елшілігі осы азаматтың туыстарының алғашқы өтініші бойынша Ресей Федерациясының құзыретті органдарына тиісті өтініштер жіберді. Ақпарат тексерілуде", - деді Смадияров.

Ол дипломаттар студенттің туыстарымен байланыста екенін айтты.