Жаңаөзен кәсіпорындарының қызметін арнайы жұмыс тобы тексереді

Ulysmedia

Жаңаөзенде кәсіпорындардың қызметіне талдау жасайтын арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

33 түрлі мамандардан тұратын топты «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов басқарды.

19 сәуірде Астанада ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев топ мүшелерімен таныстыру кездесуін өткізді. Оларға қаланың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу, жұмысшылардың еңбек жағдайымен, сатып алу жұмыстарымен және кәсіпорындар жұмысының басқа да аспектілерімен танысу тапсырылғаны хабарланды.

Сондай-ақ, Астанада өтетін арнайы комиссия отырысында «БерАли Маңғыстау» серіктестігінің бұрынғы жұмысшылары айтқан келісім-шарттардың талаптарын бұзу фактілері туралы жергілікті компаниялар қызметкерлерінің шағымдары бөлек қаралатын болады.

Жұмыс комиссиясы ұсынған талдау нәтижелері бойынша экономикалық және әлеуметтік сипаттағы өзекті проблемаларды жоюға бағытталған іс-шаралар жоспары құрылады.

Айта кетейік, 10 сәуірде Маңғыстау облысының 150-ден астам мұнайшысы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында ереуілге шыққан болатын. Жұмысшылар мұнай-газ саласындағы жемқорлыққа қарсы шығып, жұмысқа орналастыруды талап етті.

Сәуірдің 11-і күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикетке шыққан жаңаөзендік мұнайшыларды тәртіп сақшылары ұстады. Алғашында жұмысшыларды қоршауға алып, содан кейін барлық заттарын жинап, арнайы автобустарға тиеді. Сол кезде полицейлер жаңаөзендік 126 жұмысшыны ұстағаны белгілі болған. Қазіргі уақытта барлық жұмысшылар үйлеріне қайтарылғаны айтылады.

Сәуірдің 14-і күні жұмысшылар өздерін арнайы жасақ қызметкерлері ұрды деп айыптады.