Алдағы үш күнде ел өңірлерінде жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.
«Еліміздің алдағы үш күнгі ауа райын Қара теңіз аудандарынан келетін циклон анықтайды, ол батыстан шығысқа қарай жылжып, жаңбыр түрінде жауын-шашын тудырады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқырап, шаңды дауыл соғуы мүмкін», – делінген синоптиктердің хабарламасында.