Астанада ішіп алған күйеуі әйелін балконнан лақтырып жіберді

Ulysmedia

Астанада отбасылық жанжал кезінде күейуі әйелін балконнан лақтырып жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

 

Істі Астана соты қараған. Отбасындағы жанжал кезінде мас ер адам әйеліне күш көрсеткен. Сотта түсіндіргендей, ер адам әйелді тұншықтыра бастаған, содан кейін оны 2-қабаттың балконынан итеріп, денесіне ауыр зақым келтірген.

«Кінә сотталушының мойындауларымен, жәбірленушінің айғақтарымен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденеді», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен сотталушы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.