Украина Ресеймен байланысты барлық географиялық атауларға тыйым салды

Ulysmedia

Украина президенті Владимир Зеленский «Географиялық атаулар туралы» заңға қол қойды. Құжат географиялық нысандарды Ресеймен байланысты атаулармен беруге тыйым салуды қарастырады. Бұл туралы kp.ua сайтына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Заң Ресей Федерациясының Украинаның ішкі саясатына және украиндықтардың дүниетанымына ықпалын азайтуды қамтамасыз ететіні атап өтілді.

“Географиялық объектілерге, заңды тұлғаларға және меншік құқығы объектілеріне Ресейдің империялық саясатын дәріптейтін, жалғастыратын, насихаттайтын немесе нышандарын қамтитын мемлекеттің атауларын, сондай-ақ террористік мемлекеттің (агрессор) атауларын беру немесе оның көрнекті, есте қаларлық, тарихи-мәдени орындарын, елді мекендерін, күндерін, оқиғаларын өткізуге тыйым салынады”, делінген құжатта.

Сонымен қатар орыс және кеңес қайраткерлеріне, Ресей қалалары мен сол елдің белгілі бір оқиғасын дәріптейтін суреттерге тыйым салынады.