"АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің өлімі: тергеу басталды

Ғалиасқар Думан

Қарағанды облысының полиция департаменті "АрселорМиттал Теміртау" заңгері Ирина Эмнің өліміне қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ирина Эм

Ведомствоның хабарлауынша, ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тергеу жүргізілуде.

"Кінәлі адамды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп мәлімдеді полиция.

Еске салайық, кеше Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері Ирина Эмнің пышақ жарақаты салынған денесі өртеніп кеткен пәтерден табылды