Ulysmedia.kz тілшісі осы сұрақты үкімет кулуарында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусинге қойды.
“Әрине әрбір нарықта болған өнімнің өз тарифі болады. Қазіргі таңда Алматыда қосылып жатқан локациялардан олар арнайы тарифтерді 5G-ге әлі қоспады. Бірақ әрине әрбір оператордың нарыққа сай өз ойлары бар. Сондықтан, олар өнімді тәмәмдап, жариялайтын болады», - дейді Бағдат Мусин.
Айта кетейік, бұдан бұрын министр биыл қалаларда интернет жақсаратынын мәлімдеген. Оның сөзінше, Астанада және басқа қалаларда интернет нашар тартатын тұрғын үйлер анықталып, сол бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр.