Қазақстанда қолма-қол валюталар саудасы күрт азайды

Ғалиасқар Думан

Қазақстанда 2023 жылғы наурызда ақша айырбастау пункттерінде қолма-қол валютаны сатып алу-сату 19,4%-ға азайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Қазақстандықтардың айырбастау пункттерінде АҚШ долларын сатып алу-сатуы наурыз айында 2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда теңгемен 16%-ға, 122,8 млрд теңгеге дейін қысқарды", - делінген Ұлттық банк есебінде.

Есепке сәйкес, қолма-қол еуро саудасы да 1,6 есе – 23 млрд теңгеге дейін төмендеген. Ал Ұлыбританияның қолма-қол фунтын сатып алу-сату – 3% - ға, 386 млн теңгеге дейін, Қытайдың қолма-қол юанының саудасы – 3,3 есе, 68 млн теңгеге дейін өсті.

Ресей Федерациясының қолма-қол рублінің саудасы да төмендей қойған жоқ – бір ай ішінде 60 млн теңгеге сатылған және сатып алынған.