Қазақстанда "бай адам" ұғымы енгізіле ме

Ғалиасқар Думан

Ұлттық экономика министрі Мәжіліс кулуарларында Қазақстанда "бай адам" ұғымының енгізілуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

БАҚ өкілдері Қаржы министрлігінің басшысы еліміздің жаңа Салық кодексінің жобасына "бай адам" ұғымын енгізу мүмкіндігін жоққа шығармағанын атап өтті. Журналистер ҰЭМ басшысынан бұл қалай жүзеге асырылатынын сұрады.

"Біз бай адамдар туралы емес, сән-салтанат салығы туралы айтып отырмыз. Оның атауы басқаша болатын шығар. Бұл қымбат тауарларға салынатын салықты білдіреді, халыққа түсінікті болуы үшін сән-салтанат салығы деп жүрміз. Бұл – қымбат көліктерге, авиапаркке, яхталарға, қымбат жүн бұйымдарына, зергерлік бұйымдарға, антиквариатқа салынатын салық", - деп атап өтті Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, "бай адам" ұғымы түрлі мағынада қолданылады.

"Ыбырай Алтынсарин "Қазақтардың байлығы еңбекте және қанағатта"  деді. Сондықтан байлықты ақшамен өлшеу қиын", - деді ол.