14 қазаннан бастап Бали туристерді қабылдай бастайды

Ulysmedia

14 қазаннан бастап Бали вакцина егілген шетелдік туристерді қабылдай бастайды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

spbdnevnik.ru-дің мәліметінше, елде коронавирусқа қарсы шектеулерді жеңілдету кезең-кезеңмен жүзеге асады, сондықтан аралға келген саяхатшылар өз қаражаты есебінен сегіз күндік карантинді сақтауға мәжбүр болады.

Жақын арада Индонезия билігі осындай шартпен қандай елдердің азаматтарына Балиге кіруге рұқсат беретінін шешеді. Үкімет бірінші кезекте Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур мен Жаңа Зеландиядан келетін туристерге рұқсат беруді бастауды жоспарлап отыр. Жалпы, бұл коронавирустың таралу деңгейі төмен және эпидемиялық жағдайы тұрақты елдер болуы керек.