Жол апаты салдарынан 23 адам қаза тапты

Ulysmedia

Гананың Ашанти провинциясында жол апаты болып, 23 адам мерт болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: aa.com.tr

aa.com.tr мәліметінше, Гананың Ашанти провинциясында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан 23 адам қаза тауып, 11 адам ауруханаға жатқызылды.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Акра-Кумаси тасжолында болды. Жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың кейбірінің жағдайы ауыр.