Талдықорғанда бірнеше жасөспірім өз құрдастарын аяусыз соққыға жыққан

Ulysmedia

Желіде жасөспірімді жаппай соққыға жығудың тағы бір фактісі талқылануда. Бұл жолы төбелес Талдықорғанда өткен. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Полиция жеткіншектер арасындағы оқиға 15 сәуірде Талдықорғандағы орталық саябақ аумағында болғанын мәлімдеді. Оның барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге сот ісін жүргізу үшін қалалық полицияға жеткізілді.

Олар жергілікті оқу орындарының 2006-2007 жылы туған студенттері болып шықты.

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігімен «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.